Meta балаларға залал келтіргені үшін $375 млн төлеуге міндеттелді

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы алқабилер соты Meta компаниясына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Masa.media.


25/03/2026
17:19 83 0

Сот шешімі

 

The Guardian басылымының жазуынша, сот Meta компаниясын пайдаланушыларды платформалардың қауіпсіздігі туралы жаңылыстырды және балаларды қанауға жағдай жасады деп танып, 375 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді.

 

Алқабилер Meta кәмелетке толмағандарға төнетін қауіптер туралы ескертулерді елемей, өз платформаларында тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етпегенін және сол арқылы тұтынушылар құқығын қорғау туралы штат заңын бұзғанын анықтаған.

 

Facebook пен Instagram-ның балалар саудасына пайдаланылуы

 

Компанияға қарсы талап-арызды 2023 жылдың желтоқсанында Рауль Торрес түсірген. Оған негіз болған жайттардың бірі — тергеу барысында Facebook пен Instagram желілерінің балаларды жыныстық қанау мақсатында саудалауда пайдаланылғаны анықталды.

 

Сот әрбір заңбұзушылық үшін ең жоғары — 5 мың доллар көлемінде айыппұл белгілеп, жалпы соманы 375 миллион долларға жеткізді. Meta талап-арыздағы екі эпизод бойынша да жауапты деп танылды.

 

Компания өкілдері не дейді?

 

Компания бұл шешіммен келіспейтінін мәлімдеп, апелляция беретінін хабарлады. Meta өкілдері пайдаланушылар қауіпсіздігіне белсенді түрде инвестиция салып жатқанын және жасөспірімдерді қорғау құралдарын жетілдіріп жатқанын алға тартты.

 

Сот барысында айыптаушы тарап компанияның ішкі құжаттары мен куәгерлердің айғақтарын ұсынды. Олардың мәліметінше, компания басшылығы мәселелерден хабардар болғанымен, тиісті шаралар қабылдамаған.

 

Істің келесі кезеңі 4 мамырда басталады. Прокуратура қосымша санкциялар енгізуді және платформалар жұмысына өзгерістер жасауды, соның ішінде пайдаланушылардың жасын тексеруді күшейтуді талап етпек.

 

Бұған қоса, Meta Лос-Анджелес қаласында өтіп жатқан тағы бір ірі сот процесіне қатысып жатыр. Онда компания өзге де технологиялық алпауыттармен бірге жасөспірімдердің психикалық денсаулығына кері әсер ететін тәуелділік тудыратын өнімдер әзірледі деп айыпталуда.

 

фото: nytimes.com

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/03/2026 17:19
83 0

Уведомление